Елорда тынысы

Астанада жалған полицейдің заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды

Sputnik
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Астана қаласында жезөкшелерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды. Ол өзін полицей ретінде таныстырып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астаналық тәртіп сақшылары жалған полицейді ұстау үшін арнайы операция өткізген. Алаяқ қаладағы пәтерлердің бірінде ұсталды. Сол жерде бір қыздан 20 мың теңге алып, шығып бара жатқанда қолға түсті.
23 жастағы жігіт интимдік қызмет көрсететін қыздарды қылмыстық жауапкершілікке тартамын деп қорқытқан. Одан кейін ақша талап еткен. Полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін жасаған.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Полиция қызметкерінің куәлігі мен ақша тәркіленді.
Қостанайда алаяқ полицей сотталды