Экономика

Желтоқсан айына депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осы жылғы желтоқсан айына теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті.
12 және 24 айлық жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі көтерілді, ал мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме қарашадағы мәндер деңгейінде сақталды.
Желтоқсан айына теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелер
Мәндері Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне байланысты депозиттер бойынша ұсынылған мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.