АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Теміржол өткелінде пойыз көлікті мыжып өтті. Оқиға орнында алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 8:55-тің шамасында Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан 6 адам қаза тапты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр.