Ұландық жауынгерлер шорт-тректен Әлем кубогінен күміс медаль жеңіп алды

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Канаданың Монреаль қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңінде Қазақстан командасы ерлер эстафетасынан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Қазақстанның ерлер командасының құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өнер көрсетті.