Қазақтың танымал спортшылары кімнің соққысы күшті екенін анықтады – видео

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Алматыда өткен Naiza MMA 46 турнирінде Қазақтың танымал боксшылары мен жекпе-жек шеберлері соққы жасаудан жарысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Турнирде соққының күшін өлшейтін арнайы аппарат қойылды. Оған танымал боксшылар мен жекпе-жек шеберлер шақырылды.
Алдымен кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров шықты. Оның соққысынан аппарат істемей қалды. Содан екінші рет ұруға тура келді. Тұраров 895 ұпайды көрсетті. Бірақ Nomad лигасының шебері Мақсат Базарбаев (904 ұпай) одан асып түсті.
Naiza лигасының экс-чемпионы Ильдар Құдайбергеновтың соққысы 970 ұпайға жетті. Бірақ Садриддин Ахмедовқа ешкім жете алмады. Кәсіпқой боксшының соққысы бір тоннадан асып түсті. Ол 1016 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.