Елімізде 20 жылда кедейлік деңгейі 9 есе төмендеді

Sputnik
АСТАНА, 1 қараша - Sputnik. 2001-2021 жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендеп, 9 есе азайды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еңбекке қабілетті АӘК алушыларға қойылатын талаптар мен учаскелік комиссиялар институты күшейтілді.
Оқу орны бойынша тегін тамақтануды, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп нысаны мен керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді, мектеп жасына дейінгі балалар үшін – азық-түлік жиынтықтарымен және гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді көздейтін 1 жастан 18 жасқа дейінгі табысы аз отбасылар қатарындағы балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік топатама енгізілді.
Осы жылдың 1 қазанына АӘК 129 мың отбасыға немесе 668 мың адамға тағайындалды, жалпы алғанда АӘК алушылардың 22%-ы шартсыз ақшалай көмек, 78%-ы шартты ақшалай көмек алды.
2022 жылдың 1 қазанына әлеуметтік топтама алушылар саны 343 мың баланы құрады, оның ішінде азық-түлік пакетін 1 жастан 6 жасқа дейінгі 178,4 мың бала алды, "Жаппай оқыту" қоры шеңберінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі 164,6 мың бала көмек алды.
Жалпы республика бойынша 2022 жылы 43 млрд теңге төленді.