АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Атырау қаласында халықтың көзінше төбелескен жігіттерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 30 қазан күні таңғы сағат 05:58-де Авангард ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтың алдында болған.
Видео жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Оқиға орнына бірден патрульдік экипаж жіберілді.
Полицейлер 37 және 26 жастағы екі ер адамды ұстап, медициналық сараптамаға алып барды. Екеуі де жеңіл дәрежеде мас болған. Сол үшін әрбіреуі 15 315 теңге көлемінде айыппұлды арқалады.