АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Астанада жас жігіт көпқабатты үйдің 24-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция депаратментіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 31 қазанда кешкі уақытта болған. Сағат 19.30-де полицияға Қабанбай батыр даңғылында белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
"Тексеру барысында аталған факт расталды. Полиция қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтады. Ол 18 жастағы елорда тұрғыны болып шықты", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша көз жұмған бала Astana IT University I курс студенті болған.
Ол "Времена года" тұрғын кешенінің шатырынан секіріп кетті.