Өңірлер

Ақтөбе облысында ауыл маңында мұнай аралас су төгіліп жатыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысының Кеңқияқ және Шұбаршы ауылдарының маңында мұнай аралас су төгіліп жатыр, деп хабарлайды жергілікті diapazon газеті.
Апат салдарынан ауада күкіртсутек мөлшері асып кеткен.

"30 қазанда бізге "Ақтөбемұнайгаз" АҚ "Кеңқияқмұнай" кен орнында сұйықтық төгіліп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға болған жерге департамент инспекторы барды, 29 қазанда сағат 22-30 шамасында ұңғыманың дәнекерленген жігі жарылып, мұнай өнімдері сумен бірге төгілген. Салдарынан 3168 шаршы метр аумақ ластанған", - деді экология департаменті.

Ведомство мәліметінше, апат салдарын жоюмен "Ақберен" ЖШС айналысады. Инспектор аумақты өлшеп, топырақ сынамаларын алды. Аталған факт бойынша жоспардан тыс тексеру басталды.