АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкері Асқар Айтбаев қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаметіне сілтеме жасап.
"Жамбыл облысы полиция департаментінің басшы және жеке құрамы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінiң Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген департаменттің желідегі парақшасында.
Полициейлер Асқардың өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ерекше бағалайтынын жеткізді.
"Қызметтегі адалдығы әріптестерiне үлгі, жарқын бейнесі әрдайым жадымызда сақталады", - дейді тәртіп сақшылары.
ҰҚК қызметкерінің қалай қаза тапқаны туралы ақпарат жоқ.