АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Түркістан қаласында жүгіруден Turkistan Marathon 2022 марафонына 2 мыңнан астам адам қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарысқа қатысуға Қазақстанның 12 облысынан және шет мемлекеттерден қатысушылар да ниет білдірген.
Түркістандағы марафонның естелік медальдары
© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области
Таңмен таласа оянып жүгіруге келген спорт әуесқойлары үшін үлкен жүгіру старты калоритті этностильде ұйымдастырылды.
Спорттық додаға қатысқан 2000-нан астам марафоншы төрт қашықтық бойынша, яғни 10, 21 және 42,2 шақырым жүгіріп өтті. Балалар 3 шақырым қашықтықты басып өтті. Жүзден жүйріктер қаржылай сыйлыққа ие болды.