Тұман, көктайғақ, жел: синоптиктер 1 қарашадағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Елдің басым бөлігі атомосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі, Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі.