АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті.
"31 қазан сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю станцияларыныі бірінің аумағында КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі осы көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.