Алматыдан 528 шақырым жерде жер сілкінді

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша 30 қазан күні сағат 23.52-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 528 шақырым жерде Өзбекстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,3, магнитудасы MPV 4,1. Сейсмологтардың мәліметінше, оның жайғасу тереңдігі – 20 шақырым.
Жетісу облысында жер сілкінді