Алексей Цой бұрынғы қызметіне оралды

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Президент іс басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой президент іс басқармасы медициналық орталығынының басшысы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ президент іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының директоры қызметіне Рустам Албаев бекітілді.
Ол бұл қызметті 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың маусымына дейін атқарған еді.
20 желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой Қазақстанның денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды.
Цой 2020 жылдың 25 маусымында қазір тергеліп жатқан Елжан Біртановтың орнына тағайындалған болатын.