Жетісу облысында жер сілкінді

Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысында Жетісу облысы Панфилов ауданының аумағында Қоңырөлең ауылынан 22 км жерде орналасқан.
Энергетикалық класс - 10.5, MPV магнитудасы - 4.9.Эпицентрдің координаттары - 44.47° С. Е. 79.34° ш. б. Тереңдігі - 25 км.
Төтенше жаңдайлар департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.