АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Түркістанда халықаралық марафон өтті. Оған 13 елден 2000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
Марафонға қатысушылар 42, 21, 10 шақырымды бағындырды. Сондай-ақ халықаралық шарада спорттың барлық түрінен үміткерлер бақ сынасты. Арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, гір көтеру және ұлттық ойындардан қарсыласын шаң қаптырғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Игі шарада өнер жұлдыздары да келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.