АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.
"Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде", - делінген хабарламада.
Полицейлер оқиға болған жерден оның ұялы телефоны мен құжаттарын тапқан. Марқұм Хэллоуин фестиваліне достарымен бірге барған.