АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды, бұл Ресейдегі шетелдік студенттердің басым көпшілігі, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев.
"Қазір Ресейде 70 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Ресейде білім алатын шетелдік студенттердің басым бөлігі Қазақстаннан барған жастар", - деді Көшербаев Республика күніне орай Қазақстан елшілігінде өткен қабылдауда.
Республика күні Қазақстанда 25 қазанда тойланады, бұл еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік егемендігін жариялады.