Әлем

Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Кеше ел астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам мерт болды, оның 19-ы шетелдік.
Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдар тар көшеде бірін-бірі таптаған. Оқиға Итхэвон ауданында болған.
Ел президенті Юн Сок Ёль жексенбі күні Ұлттық аза тұту күнін жариялап, мемлекеттік тулар түсірілді.
Президент оқиға болған күні ел халқына президент ғимаратынан тікелей эфир арқылы хабарласып, мәлімдеме жасап, мұның сұмдық жағдай екенін айтты.
Ол қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек жазылып кетуін тілектестік білдірді.
"Біз бұл апаттың шығу себебін жан-жақты тексеріп, енді оның екінші қайталанбауы үшін жүйелі өзгерістер енгіземіз", - деп атап өтті елдің басшысы.