АЛМАТЫ, 30 қазан - Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы қаласында белгісіз ер адамдардың қарумен жүргені түсірілген видео тарады. Аталған фактіге қатысты полиция мәлімет берді.
"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1997 жылы туған азаматты ұстады. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді", - деді Алматы полициясы.
Сот-баллистикалық сараптама жасалады. Бірқатар тергеу шараларынан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады, деп хабарлады тәртіп сақшылары.