АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. NASA ғарышта түсірілген таңғажайып суреттерді бөлісті.
Аспан шырақтарының ерекше суретін NASA-ның Solar Dynamics ғарыш обсерваториясы түсірген. Күнді смайликке және асқабаққа ұқсататын қара дақтар – Күн желін ғарыш кеңістігіне шығаратын ойықтар. Олардың салдарынан Жерде геомагниттік дауылдар болады.
"Джеймс Уэбб" орбиталық телескопы "Жаратылыс бағандарының" жаңа фотосуреттерін жариялап келеді.
"Бұл дақтар инфрақызыл сәуле, кейде мөлдір болып көрінетін салқын жұлдызаралық газ бен шаңнан тұрады. Уэббтің "Жаратылыс бағандары" зерттеушілерге жаңадан пайда болған жұлдыздардың әлдеқайда дәл санын және жұлдыздардың түзілу үлгілерін анықтауға көмектеседі. Уақыт өте келе миллиондаған жыл бойы жұлдыздардың қалай пайда болатынын және осы шаңды бұлттардан қалай шығатыны белгілі бола бастайды", - делінген NASA мәлімдемесінде.
Жаратылыс бағандары – Жерден шамамен 7 000 жарық жылы қашықтықта орналасқан Бүркіт тұманындағы жұлдызаралық газ бен шаңның жинақтары. Алғашқы фотосурет 1995 жылы Хаббл ғарыш телескопы арқылы түсірілген.