Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Батыс Қытай - Батыс Еуропа тас жолының 651 шақырымында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды.
Renault жүк көлігі өзімен бір бағытта жүріп келе жатқан Mazda 626 көлігінің артқы бөлігінен соққан.
Салдарынан Mazda 626 көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.