Маңызды жиынға Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан премьері Али Асадов, Беларусь премьері Роман Головченко, Тәжікстан премьері Кохир Расулзода, Өзбекстан премьері Абдулла Арипов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Армения вице-премьер-министрі Мгер Григорян және Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысып жатыр.
Отырыс 1991 жылдан бері 80-ші, биыл екінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін ТМД үкімет басшылары мамыр айында бейнебайланыс арқылы кездесу өткізген болатын.
Биыл Қазақстан Достастыққа төрағалық етіп жатыр. 2023 жылы ТМД органдарына Қырғызстан төраға болады, Қазақстан мен Ресей тең төрағалық етеді.