АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Шымкент тұрғыны бірге тұратын жігітінің бағалы заттары мен 2 миллион теңгесін ұрлап кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
Оқиға 18 қазан күні сағат 16:30 шамасында болған.
Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне 39 жастағы тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзінің азаматтық некедегі әйелі қонақ бөлмедегі сейфтен құны 200 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 250 мың теңгелік ноутбугін, оған қоса 2 млн теңгесін жымқырып кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,4 млн теңгені құрап отыр.
Аталған жайт Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тәртіп сақшылары күдіктіні бір тәулік ішінде қала аумағында ұстады. Ол өз кінәсін толықтай мойындап, бұл заңсыз әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болғанын жеткізді.
Қазіргі кезде айғақты заттар тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.