Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының ұсынысы бойынша өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.
Президент сессияға бейнебайланыс форматында қатысты. Онда ҰҚШҰ-ның Арменияға биыл 15 қыркүйекте жіберген Миссиясы жұмысының нәтижелері талқыланды. Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде жанжалды тек бейбіт жолмен және саяси-дипломатиялық тәсілдермен реттеу керек екенін атап өтті.