АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Бүгін экс-министр Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот үкімі шығарылды.
Біреуі бес жылға, ал екіншісі төрт жылға бас бостандығы шектеледі. Оған қоса, екеуі министрлікке 1 миллиард 350 миллион теңгенін шығын төлеуге міндеттелді. Біртанов сот үкімімен жартылай келісетінін мәлімдеді.
"Мен жартылай қанағаттанып отырмын. Атап айтқанда, санавиация бойынша кінәсіз танылғанымен келісемін. Ал платформаға қатысты шешімге қанағаттанбаймын. Өзімді кінәсіз деп санаймын, пікірімді өзгертпеймін. Заң бойынша сот үкіміне шағым түсіруге құқықым бар. Біз осы мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланамыз. Сондықтан ары қарай күресіп, кінәсіз екенімізді дәлелдейміз", - деді Біртанов журналистерге берген сұхбатында.
Экс-министрдің айтуынша, орынбасары екеуі ешқандай қылмыс жасаған жоқ.
"Біз ондай ақшаны қалтаға салған жоқпыз, бюджеттен бір тиын да алмадық, қажетті ақпарат бар. Ол ақшаның барлығы шетелдегі "Эриксон" компаниясына түсті. Денсаулық сақтау министрлігі келесі деңгейде сол халықаралық компаниямен соттасады деп сенеміз. Сол жақтан ақшаны шығару қажет. Бізде ондай ақша жоқ", - деп атап көрсетті Біртанов.