Теміржол билеттері 20 проценттік жеңілдікпен сатылады

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ жоғарғы және төменгі орындарға төлемақының сараланған жүйесін сынақтар өткізіп көреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚТЖ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Пилоттық жоба 1 желтоқсанда басталды. Соның аясында 28 ақпанға дейін коммерциялық пойыздарда жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсіл қолданылады. Оған сәйкес, жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% болады.
"Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады", - дейді компания мамандары.
Сараланған тәсіл қолданылатын бағыттар:
111/112 "Алматы – Маңғыстау";
51/52 "Алматы – Орал";
105/106 "Алматы-Петропавл";
71/72 "Астана-Шымкент";
29/30 "Алматы-Атырау".