Қазақстанда жүктіліктің 9 аптасынан бастап ұрықтың ДНҚ диагностикасы енгізіледі

Sputnik
АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі жүктіліктің 9 аптасынан бастап ұрықтың ДНҚ диагностикасын енгізіп жатыр. Бұл зерттеу жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомалық ауытқуларын анықтайды.
Зерттеу ұрық пен әйелдер үшін ең сезімтал және қауіпсіздікті арттырады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Пренаталдық ультрадыбыстық диагностика бойынша елдің жетекші мамандарынан сараптама тобы құрылды. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің бас генетигі, профессор Гүлшара Әбілдинова және денсаулық сақтау министрлігінің пренаталдық диагностика УДЗ бойынша бас маманы Жанар Құрманғали еліміздің ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері мен медициналық генетиктерінің кәсіптік даярлығын арттыру үшін оқыту жүргізді.
"Бүгінгі таңда халықаралық стандарттарға сәйкес пренаталдық ультрадыбыстық диагностиканың 150 дәрігері сертификатталған. Жүкті әйелдерді скринингпен барынша қамту үшін барлық жағдай жасалады. Көліктік қолжетімділік, мамандармен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін өңірлерде тиісті жұмыстар атқарылады. Перинаталдық нәтижелерді жақсарту үшін сараптамалық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсететін "Ұрықты қорғау орталықтары" ұйымдастырылған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, жүктілік кезінде уақтылы жүргізілген скрининг туа біткен патологиялық қауіпті анықтайды. Сондай-ақ ұрықтың дамуындағы ауытқуларды диагностикалауға мүмкіндік береді.