Қаңтар оқиғасы: рақымшылыққа бір ғана құқық қорғаушы ілігеді

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қаңтар оқиғасына қатысты рақымшылыққа бір ғана құқық қорғаушы ілігеді. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, қаңтар оқиғасынан кейін 1 600 адам жауапқа тартылып жатыр. Олардың 49-ы – құқық қорғау қызметкері.
"Барлығы қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отыр. Соның ішінде азаптау, билікті асыра пайдалану және мемлекетке опасыздық жасау әрекеттері бар. Бұл қылмыстар рақымшылыққа енбейді", - деді Шындалиев сенаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, рақымшылыққа бір ғана құқық қорғау қызметкері ғана ілігіп отыр.
"Ол қылмысты жасырғаны үшін айыпталды. Бұл қасақана ауыр қылмыс болып саналады. Рақымшылық бойынша ол жазадан толығымен босатылмайды. Жаза мерзімі ғана қысқарады", - деп атап өтті Шындалиев.
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде құқық қорғау қызметкерлері жасаған қылмыстарды ерекше бақылауда ұстап отыр.
"Рақымшылық аясында құқық қорғаушылар босап шығады деуге болмайды. Оған ешқандай күмән болмауға тиіс", - деді бас прокурордың орынбасары.