Павлодарда гаражда тұрған автобус жанып кетті

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодар қаласында автогаражда тұрған автобус жанып кетті, жанында тұрған көліктерге де зақым келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, өрт бүгін түнгі сағат 01-03-те шыққан. Павлодар қаласының солтүстік өндірістік аймағында "Павлодар автокомбинаты" ЖШС гаражы орналасқан. Сол жерде тұрған автобустардың біреуі отқа оранды.
"Өрт орнына 4 бірлік техника , 17 қызметкер барды. Өрт 30 шаршы метрге шарпыды. Автобус толығымен жанып кетті", - дейді депаратмент мамандары.
Өрт сөндірушілер гараждан екі газ баллонын да алып шықты. Ал өртті он минуттың ішінде өшірді. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео да тарады.