Өткен тәулікте 22 адамнан коронавирус анықталды

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 22 адамнан анықталды. Бір күн бұрын 7 науқас тіркелген болатын.
27 қазандағы мәлімет бойынша 880 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 89 пациент стационарда, 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастардың арасында:
1 адамның жағдайы ауыр,
3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 394 585 науқас тіркелді.