Өңірлер

Батыс Қазақстанда жас жігіт үйдің ауласында кісі қолынан көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі ер адамның жанжалы қайғылы аяқталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 26 қазанға қараған түні болған.
Чапаев ауылында 51 жастағы ер адам үйдің ауласында 26 жастағы жігітпен сөзге келіп қалған. Жанжал кезінде ол жігіттің жүрегіне пышақ сұғып алды.
Жігіт ауруханаға жетпей көз жұмды. Мәйіт Орал қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.