Фото

Әлем елдеріндегі күзгі күн тұтылу сәті – фото

Күзгі тұтылу дәлізі 25 қазанда Күннің жартылай тұтылуымен басталды және ол 8 қарашада аяқталады. Астрологтар атап өткендей, бұл кезең өмірдегі түрлі өзгерістерге себеп болады.
Sputnik
"Тұтылу дәліздері" – бұл салыстырмалы түрде қысқа мерзімде, яғни екі аптадан төрт аптаға дейінгі уақытта Күн мен Айдың тұтылу тізбегі.
Бұл уақытта өмірдің әр түрлі салаларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін оқиғалар болады деген сенім қалыптасқан. Тұтылу дәлізінің кезеңі көп адам үшін күрделі болады. Күтпеген жағдайлар туындайды, жоспарлар өзгереді, келісімдер бұзылады және көбінесе бәрі қалағандай бола бермейді.
Астрологтар осы кезеңде біршама аптықты басып, ішкі сезімдерге назар аударуға, түйсікке сүйенуге кеңес береді. Сонда шешімін таба алмаған күрделі сұрақтардың жауабы өздігінен пайда болады.
Ал әзірше әлем елдерінде түсірілген тұтылу сәтінің әсем көрінісін тамашалаңыздар.
1 / 13

Күн тұтылуы Ай Жер мен Күннің арасынан өтіп, біздің ғаламшарға көлеңке түсіріп, күн сәулесін толық немесе жартылай бүркеп тастаған кезде болады. Суретте: Бельгиядағы күннің жартылай тұтылуы.

2 / 13

Егер кем дегенде бір нүктеде спутниктің жұлдызды толық қамтуы болса, мұндай құбылыс тұтылу толық деп аталады. Суретте: Франциядағы күннің жартылай тұтылуы.

3 / 13

Бұрын адамдар жарықтың көмескіленуі күнәлардың көбеюіне байланысты туындайды деп сенген. Суретте: Ер адам Мәскеудегі күннің жартылай тұтылуын компьютерлік дискета арқылы бақылап отыр.

4 / 13

Қазір Жер ғаламшарының тұрғындары тұтылу әртүрлі, сирек қайталанатынын құбылыс екенін біледі. Сондықтан оны тамашалауға құмар. Суретте: Швециядағы күннің жартылай тұтылуы.

5 / 13

Күннің жартылай тұтылуы Мәскеуде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер қызметкерлері мен тәртіп сақшыларына арналған ескерткіш сұлбасына түсіп тұр.

6 / 13

Егер кем дегенде бір нүктеде спутниктің жұлдызды толық қамтуы болса, мұндай құбылыс тұтылу толық деп аталады. Суретте: Косовода адамдар күннің жартылай тұтылуын тамашалап тұр.

7 / 13

Егер жұлдыз толық жабылмаса, онда мұны жартылай тұтылу деп атайды. Суретте: Мәскеудегі күннің жартылай тұтылуы.

8 / 13

Бойжеткен телескоп арқылы Мәскеудегі күннің жартылай тұтылуын бақылап тұр.

9 / 13

Күннің жартылай немесе толық тұтылуы Жердің барлық бөлігінде бір уақытта көрінбейді. Суретте: Палестинадағы күннің жартылай тұтылуы.

10 / 13

Бойжеткен Мәскеудегі күннің жартылай тұтылуын тамашалар тұр.

11 / 13

Мәскеудегі күннің жартылай тұтылуы.

12 / 13

Босниядағы күннің жартылай тұтылуы.

13 / 13

Мәскеудегі күннің жартылай тұтылуы.