АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. 28 қазанда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессия барысында ҰҚШҰ-ның 15 қыркүйекте әзербайжан-армян шекарасындағы жағдайдың ушығуына байланысты Арменияға аттандырылған миссиясының нәтижелері талқыланады, деп хабарлайды ҰҚШҰ ресми ақпараттық арнасы.
Сонымен қатар Армения Республикасына көмек көрсетудің бірлескен шаралары қаралады.
Қауіпсіздік кеңесінің құрамына ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер басшылары кіреді. ҰҚШҰ құрамында алты ел бар. Олар - Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан.