Фото

The Nature Conservancy 2022 фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

The Nature Conservancy халықаралық экологиялық ұйымы жыл сайынғы фотобайқау жеңімпаздарын жариялады. Жабайы табиғат пен қоршаған ортаны қорғауға арналған әсерлі суреттерді тамашалаңыз
Sputnik
Дәстүр бойынша қазылар алқасы жабайы табиғатта түсірілген суреттерді бағалады. Дауыс беру қорытындысы бойынша қытай фотографы Ли Пин бас жүлдені жеңіп алды.
Қазылар алқасы Тибеттегі жаңбыр салдарынан топырақтың эрозияға ұшырауынан туындаған жол маңындағы ерекше "ағашқа" тәнті болды.
Фотография саласындағы сарапшылар сонымен қатар жыртқыш аңның азулы аузындағы маймыл және анасының өлі денесіне жабысқан бала-маймыл бейнеленген суретке жоғары баға берді.
Сирек кездесетін биолюминесцентті саңырауқұлақтар, балаларын емізіп отырған ақ аю, күзетші кесіртке және тағы басқа қызықты туындыларды суреттер топтамасынан көре аласыз.
1 / 12

Маймылды қорек ету мақсатында аузына тістеп алып келе жатқан қабылан және анасының өлі денесіне жармасқан бала-маймылдың суреті "Қатыгез патшалық" деген атауға ие болды. Суретті Замбиялық фотограф шафик Мулла түсірген. Бұл туынды жабайы табиғаттық қаталдығын еш боямасыз суреттеп тұр.

2 / 12

Қытай фотографы Ли Пин "ағаш" бейнеленген суретімен бас жүлдені жеңіп алды. Ағаш түріндегі бұл жыралар жаңбыр салдарынан туындаған топырақ эрозиясы нәтижесінде қалыптасқан. Сурет Тибетте түсірілген.

3 / 12

Британ фотографы Ануп Шах түсірген "Морани және оның досы" атты сурет The Nature Conservancy 2022 байқауында "Жабайы табиғат" санаты бойынша бірінші орынды иеленді.

4 / 12

Поляк фотографы Януш Юрек түсірген "Демалыс" атты сурет. Зауыт кең аумақты алып жатқанына қарамастан, адамдар жағажайда демалуды жалғастырып жатыр. Фотограф бұл сурет арқылы индустрия адамдарды қалай ығыстырып жатқанын көрсеткісі келген.

5 / 12

Үнді фотографы Сандеш Кадурдың "Кесіртке мен жел диірмендері" атты суреті. Түсі ашық бауырымен жорғалаушы өз аумағын "күзетіп тұр".

6 / 12

Бұл суретті италиялық фотограф Иван Педретти түсірген. Исландиялық Стокснестегі қара құмды жағажайдағы және асқақ Вестрахорн тауының бөктеріндегі қыс.

7 / 12

Қараңғыда жарқырайтын биолюминесцентті саңырауқұлақтардың немесе "елес саңырауқұлақтардың" сирек кездесетін суреті. Сурет авторы – австралиялық Калли Чи. Мұндай саңырауқұлақтар Австралиядағы кейбір ормандарында кездеседі. Олар жылына бірнеше апта ғана жарқырап тұрады.

8 / 12

Норвегиялық фотограф Флориан Леду Ресейдің қараусыз қалған Пирамида елді мекенінің айлағында ұрғашы ақ аюдың екі жасар қонжықтарды емізіп отырған сәтін суретке түсіріп алды.

9 / 12

"Шаң арасындағы алып" суретінің авторы – грек фотографы Панос Ласкаракис. Әсерлі сурет Намибияда түсірілген.

10 / 12

Америкалық фотограф Кристин Райттың "Өрімді өзен" атты суреті ашық түсті мұз шөгінділерінің компьютерлік графикаға ұқсас ерекше кескін қалыптастырып тұрғанын бейнелейді.

11 / 12

Жапон фотографы Масахиро Хироике түсірген сурет. Химэботару – орманда өмір сүретін және қысқа және қуатты жарық шығаратын кішкентай жарық қоңыз.

12 / 12

Наваррадағы Ади тауының баурайы. Испан фотографы Франсиско Хавьер Мунуэр Гонсалестің суреті "Пейзаж" санатында бірінші орынды иеленді.