Өткен ғасырдың 70-80 жылдары салынған Тайваньның солтүстігіндегі "елес-қаланың" көрінісі.
Ерекше жобаның жабылуына осы аудандағы ауа райының қолайсыздығы, жаңбыр мен жел, сондай-ақ үйлердің өте қымбат бағасы себеп болды.
Кейбір үйлер сол күйі сатылмай қалды, содан кейін Тайваньның ерекше футуристік қаласы толығымен қараусыз қалды. Өзге ғаламшарлықтардың ғарыш кемесіне ұқсатып салынған бұл үйлер дәулетті тайваньдықтар мен туристерге арналған.
"Футуро" деп аталатын элиталы саяжайлы қаладағы үйлер осындай жобамен салынған.
Ерекше қаланың құрылысы 70-80-жылдары жүргізілді.
Тайвань бизнесмені қолға алған жағажайдағы қала қомақты табыс әкелуі керек еді.
Кейбір мәлімет бойынша толық жабдықталған мұндай бір үйдің құны сол кездегі баға бойынша 100 мың долларды құраған.
Үйлердің мұндай пішінде салынуы оларды кез келген басқа орынға оңай көшіруге мүмкіндік береді. Қоныс аудару кезінде конструкцияның беріктігі қамтамасыз етілген.
Доғал пішінді үйлердің жобасын фин архитекторы Матти Сууронен дайындаған.
Жағалаудағы үйлердің кейбірі бүгінгі күнге дейін біршама жарамды күйде сақталған. Суретте: Нью-Тайбэй қаласының Ванли ауданындағы Фейцуй жағажайындағы "ұшатын тәрелке" пішініндегі қараусыз қалған үйлер.