АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Сәтбаев қаласынан шыға берісте, көлік аркаға соғылып, өртке оранды.
"Жезқазған қаласына шыға берісте, 58 жастағы Меrcedes автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.
"Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Ұлытау полициясы.