АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Түркістан облысының үш ауданы нөсер жаңбырдың салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Үздіксіз жауған жауынның салдарынан облыстың Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарында жеке тұрғын үйлер мен 21 аула су астында қалды. 2 жасар сәби жаңбыр суына толған шұңқырға құлап, көз жұмды. Шұңқыр үй шаруасына қажеттілік үшін қазылған. Сондай-ақ 13 ірі қара мал қырылды. Жаңбыр 26 қазанда түнгі сағат 01.00-ден таңғы алтыға дейін жауған.
"Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар жасақталды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен төтенше жағдайлар департаментінің күштері су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.