АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Ресейде ішінара мобилизация жарияланған күннен бері Қазақстанда екі жүз мыңға жуық шетелдіктен ЖСН алуға өтініш түскен.
Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"21 қыркүйектен бері шетелдіктерден 200 мыңдай өтініш түсті", - деді Тұрысов мәжіліс кулуарында.
Олардың қаншасы Ресей азаматтары екені белгісіз. Вице-министр Қазақстанда жұмыс істеп, банк шотын ашқысы келетін кез келген шетелдік ЖСН алуға міндетті екенін атап өтті.
4 қазанда Қазақстанға келген 70 мыңға жуық ресейлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жеке сәйкестендіру нөмірін алғаны хабарланған болатын.