АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте жеті адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
26 қазандағы мәлімет бойынша, 882 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр
4 пациенттің жағдайы өте ауыр
2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.