АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Әлемдегі ең биік ғимараттың қасбеті Қазақстан туының түсіне боялды.
"Бурдж Халифа Қазақстан Республикасы күніне орай жанады. Халыққа өркендеу мен бейбітшілік тілейміз", - деп жазылған Бурдж Халифаның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Биыл маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мейрам" мәртебесін беру қажет екенін мәлімдеді.
Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын.