Тоқаев мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру шарасына қатысты

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан - Sputnik. Ақорданың алдында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру шарасы
Шара Республика күніне орай ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді.
Одан кейін мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран шырқалды.
Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.

Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.