Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің ақпараттық құрылымына шабуылдар 4,5 есеге артты

Sputnik
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Украинадағы арнайы әскери операция басталғаннан бері ресейлік ақпараттық құрылымға жасалған шабуылдар саны 4,5 есеге артты, деп хабарлады Роскомнадзор басшысы Андрей Липов.
"Украинадағы арнайы әскери операция басталғалы бері ресейлік ақпараттық құрылымға шабуылдар саны 4,5 есеге ұлғайды", - деді Липов "Спектр-2022" форумының ашылуында.
Ведомство басшысы ресейлік желілер мен интернеттің ұлттық сегментінің қауіпсіздігін арттыру, тұрақтылық пен қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету бойынша шаралар Ресей президентінің тапсырмасы бойынша 2014 жылы басталғанын айтты, деп жазды РИА Новости.
Ол сондай-ақ "ресейлік ақпарат көздеріне, негізгі мемлекеттік ресурстарға, қаржылық және әлеуметтік маңызды қызметтерге қол жеткізуді шектеу әрекеттеріне бағытталған ақпараттық инфрақұрылымымға тұрақты бірнеше рет шабуыл жасауға" қатысты ұзақ мерзімді даму тетіктері қажет екенін мәлімдеді.