Қостанайды автобус жас қызды басып кетті

Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қостанай қаласында жолаушылар автобусы жас қызды басып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Наш Қостанай" газетіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 14:30-дың шамасныда Абай даңғылында болған. Куәгерлердің айтуынша, автобус жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып, басып өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы барған. Бірақ автобустың астына түскен қыз оқиға орнында қайтыс болды. "
Жас қыз қатты жарақат алды. Содан қайтыс болды", - дейді дәрігерлер. Қайтыс болған қыз, шамамен, 18 жаста