Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында топ жарды

Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қазақстандық велошабандоздар Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өткен маунтинбайктан Азия чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Спортшылар жеті бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алтын":
Алина Сарқұлова — әйелдер арасындағы маунтинбайктен тұңғыш Азия чемпионы ("элита" санаты);
Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Саркулова и Темирлан Мухамедиянов — эстафета;
Алина Спирина — кросс-кантри олимпик;
"Күміс":
Виолетта Казакова — "элита" санаты бойынша әйелдер арасыдағы маунтинбайк;
Виолетта Казакова — кросс-кантри олимпик;
Денис Сергиенко — кросс-кантри олимпик; "Қола": - Алина Сарқұлова — кросс-кантри олимпик.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында – Жапония (6 медаль), ал Оңтүстік Кореяның велошабандоздары (5 медаль) үшінші орынды қанағат тұтты.