Өңірлер

Қарағандыда тапаншамен ұсталған ер адам біздің қызметкер емес – агенттік

Sputnik
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі Қарағандыда тапаншамен ұсталған ер адам Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері емес екенін мәлімдеді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ-та Қарағандыда есірткі және тапаншамен ер адам ұсталғаны хабарланды. Болжам бойынша ол Қарағанды облысы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е. Нұрғазы екен.
Алайда Қаржы мониторингі агенттігі мұны жоққа шығарып отыр.
"Әлеуметтік желілерде және түрлі БАҚ-та қару табылған Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е.Д.Нұрғазы есімді азаматты полиция ұстағаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұрғазы қаржылық мониторинг органдарының қызметкері болмаған және қазіргі уақытта мұндай қызметкер жұмыс істемейді", - деді агенттіктегілер.