АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 21 адамнан коронавирус табылды. Бір күн бұрын 39 қазақстандықтың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен еді.
24 қазандағы жағдай бойынша 944 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 97 пациент стационарда, 847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Ауруға шалдыққандар арасында:
3 пациенттің жағдайы ауыр,
3 науқастың жағдайы өте ауыр,
2 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы бері елімізде 1 394 539 адам коронавирус жұқтырды.