Өңірлер

Таразда үшем дүниеге келді

Сәбилердің үшеуі де – қыз
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында үшем дүниеге келді.
Сәбилердің ата-анасы – Абдуллаевтар отбасы Жалпақ төбе ауылында тұрады.
Отағасы Әлинұр Абдуллаев супервайзер, ал анасы Умида Әшірова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр: 2015 жылғы Айлана және 2018 жылғы Амелия.
"Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің салмағы 1980, 2120 және 2020 грамм болды. Оларға Айлин, Алия және Элиф деген есім берілді. Шала туылған сәбилер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды", - деп хабарлады Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарма ақпаратынша, қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Балалар анасымен бірге.