АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (2-0) кәсіпқой бокстағы ең жеңіл салмақта UBO International белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен бокс кешінде Лукас украиналық Алена Гуриеваға (1-3) қарсы шығып, қарсыласын екінші раундта жеңді.
"Бүгін мен өзімнің алғашқы чемпиондық титулымды жеңіп алдым. Алла қаласа, Қазақстанға тағы көп титул сыйлаймын! Алға Қазақстан", - дейді Лукас.
Айта кетері, Ангелина Лукас өзінің алғашқы жекпе-жегін 2021 жылы елордада өткізді. Сол кезде ол төрешілер шешімімен украиналық боксшы Светлана Василевскаяны жеңген болатын.